17:51, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жаңақорған ауданында мал басының өсімі байқалады - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бүгінгі таңға 38750 бас мүйізді ірі қара, 246712 бас қой мен ешкі, 9084 бас жылқы, 1059 бас түйе, 44428 бас үй құстары есепте бар. Бұл төрт түлік малдың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, біршама өскендігін байқатады. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара - 100,5%, қой мен ешкі - 100,8%, жылқы - 103,3%, түйе 109% өскен. Биыл сондай-ақ әр 100 аналыққа шаққанда 69 бұзау,103 қозы-лақ, 72 құлын, 53 бота алынды.
Мал өнімдері, бүгінгі таңға аудан бойынша 3512 тонна ет, 6745 тонна сүт, 200 тонна жүн, 1465 мың дана жұмыртқа өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 104,4%, сүт - 104,5%, жүн - 104,7%, жұмыртқа 100% болғанын көрсетеді.