11:58, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Жаңақорған тұрғыны шолақ мылтықпен ұсталды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде жүргізілген «Қару» операциясының барысында үйінде тіркелмеген шолақ мылтықты заңсыз ұстап отырған азамат анықталды,

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында мылтық иесі оны не үшін арнайы кескенін және неге ұстап отырғанын түсіндіріп айтып бере алмады. Тергеу енді соның бәрін анықтайтын болады.