21:53, 06 Қазан 2016 | GMT +5
Жаңақорғанда айтыскерлер достық кездесу өткізді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда қаласының Жаңақорған ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Айтыстың ақтаңгері - Манап ақын» атты аймақтық ақындар айтысы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтыс достық кездесу негізінде өткендіктен қазылар алқасы сайланбады. Бірінші айтысқан жұп Жамбыл қаласының ақыны Әсет Дүйсебаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының ақын қызы Карима Оралова болса, екінші болып сахнаға алматылық ақын Асхат Қылышбек, тараздық ақын Қанат Мырзахан және қызылордалық Мұхтар Ниязовтар үшеуі шығып, елдің ықыласына бөленді.
Ақындарға аудан әкімінің арнайы «Алғыс хаттары» және бағалы естелік сыйлықтары табысталды.
Іс-шара аудан әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті.