08:27, 30 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жаңақорғанның су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында үстіміздегі жылы су алымы аудан бойынша 91 млн. теңгеге жоспарланып, ол толығымен өндіріліп, соның ішінде 45 млн теңге су арналарына ағымды күрделі жөндеу жұмыстарына жаратуға бөлінді.
Биыл Сунақата арнасы бас сағасындағы 82 бекетті, Келінтөбе арнасының 309 бекетін күрделі жөндеуге 7 млн. теңге жұмсалады. Ағымдағы жылы Келінтөбе арнасының 679-788 бекеттері аралығында толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл игі істің бастамашысы аудандық су шаруашылығы мемлекеттік кәсіпорны