Жаңаөзен әкімдігінің ғимаратындағы қалпына келтіру жұмыстарына 115 адам тартылды

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - 2 қаңтардағы мәліметтер бойынша, Жаңаөзен әкімдігінің ғимаратындағы қалпына келтіру жұмыстарына 115 адам тартылды, деп хабарланды бүгін  http://pm.kz сайтында Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сітеме жасап.
None
None

2 қаңтардағы мәлімет бойынша, Жаңаөзен әкімдігінің ғимаратындағы қалпына келтіру жұмыстарына 115 адам тартылып отыр, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, 115 жұмысшының 20-сы  - «Альянс ЛТД» ЖШС мердігер ұйымының жұмысшысы болса, 95 адам қалалық жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасымен келген.

Сондай-ақ қаланы тазалау және абаттандыру жұмыстарына 223 адам тартылып отыр.

 «2 қаңтардағы мәлімет бойынша, қаланы тазалау және абаттандыру жұмыстарына «Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының 223 жұмысшысы және 27 арнайы техникасы жұмылдырылды. Барлығы 1238 тонна қоқыс шығарылды», - делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар