11:49, 26 Ақпан 2012 | GMT +5
«Жаңаөзен-Ақтау» күре жолында 24 тонна мандарин тиелген КамАЗ жүк көлігі аударылды
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - «Жаңаөзен-Ақтау» күре жолында 24 тонна мандарин тиелген КамАЗ аударылып кетті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сенбі, 25 ақпан күні «Жаңаөзен-Ақтау» күре жолының Қарақия еңісінде кедендік ілесіп жүрумен келе жатқан Түркіменстан азаматының басқаруындағы КамАЗ көлігі кардан білігінің істен шығуы салдарынан аударылып қалды.
Көлікке 24 тонна мандарин артылған. Бұл факті бойынша, аталмыш департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданды, зардап шеккендер жоқ.