Жаңаөзен ісі бойынша сотталғандардың барлығы нақты қылмыстары үшін жазасын тартты - Н.Назарбаев

ВЕНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Венада австриялық БАҚ өкілдері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жаңаөзендегі оқиғалар жайлы сұрақ қойды.
None
None

«Бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы кәдімгі қарапайым дау болды, олар бүкіл әлемде болып жатады. Оны шешуге болатын еді, алайда қылмыстық элементтер өздерінің жеке мақсаттарын көздеп, оны қантөгіске апарып соққан қақтығысқа айналдырды», - деп жауап қайтарды Н.Назарбаев журналистердің берген қойған сұрағына.

«Мүлдем ашық, қоғамдық, транспаренттік тергеу жүргізілді, бұл бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарына, қатысқысы келетіндердің барлығына ашық,  әділ сот болды. Сотталғандардың бәрі де жай басқа нәрсе үшін емес, нақты қылмыстары үшін жазасын алды. Өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланып, адамдарға қарсы оқ атқан құқық қорғау органдарының қызметкерлері де сотталды. Осындай оқиғаға арандатқандар да сотталды», - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар