Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді іс-жоспары талқыланды

Мұнайлы мекенде салынатын бірқатар әлеуметтік нысандар мен халықты еңбекпен қамту ісі де сөз болды. Бұған қоса, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының жағдайын жақсарту мәселесі қаралды.
Соңғы 15 жылда Жаңаөзен қаласының халқы 50 мың адамға артып, бүгінде 116 тұрғынды құрап отыр. Тиісінше қала бюджеті де 4 млрд. теңгеге артты. Қаланы дамытудың кешенді бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар салынып, оралмандарды орналастыру мәселесі де шешілмек.
Жаңаөзен қаласының қордаланып қалған мәселелерін шешу мақсатында Ел Үкіметі әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 2009-2011 жылдарға арналған Кешенді жоспар қабылданған болатын.
Биыл бұл бағдарлама 2012 жылға дейін созылып, игерілетін қаржы көлемі бір облыс бюджетіне сай 43 миллиард теңгедей көлемде бекітілді. Бірінші кезеңде қаңтар айынан бастап жаңадан жұмыс орындары құрылатын болды, оның ішінде 1000 адам Кешенді жоспар аясында іске асырылатын жобалардың құрылысына тартылады. Қосымша тағы 9 жоба жүзеге асырылмақ.
Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша,жоспарға қосымша 9 жоба жүзеге асырылмақ. «Жұлдыз», «Мерей» шағын аудандарын сумен қамту және 4 денсаулық сақтау нысандарын, мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.