17:38, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда - Ө.Шөкеев
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан селекторлық кеңес арқылы байланысқа шыққан Жаңаөзендегі мәселелерді шешу жөніндегі үкіметтік комиссия төрағасы-«Самұрық Қазына» ҰӘАҚ-ның Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, қаланың жағдайы толық бақылауда. Жаңаөзендегі тазарту жұмыстары аяқталып, тиісті жұмыстарды жүргізу шаралары жалғасуда. Тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен әкімшілік, мемлекеттік, коммерциялық және жеке меншік ғимараттарды қалпына келтіру шаралары жалғасын табуда.
«Біз бүгін ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарымен таныстық. Бұл шаралар бекітілген тәртіп бойынша жүріп жатыр. Бұл жұмыстарға негізінен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды», - деді Ө. Шөкеев.