Жаңаөзен қаласында 2012-2014 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың арнайы жоспары жұмыс істей бастады

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен қаласындағы жағдайды тұрақтандыру және кәсіпкерлік секторды дамыту мақсатында
None
None

2012 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметі Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жоспары бекіткен еді.

Аталмыш жоспарда өткен жылдың 16-18 желтоқсанында қалада орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен  және Жаңаөзен қаласының жұмыс істеп жатқан және жаңадан жұмысын бастаған кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қарастырылған.

Тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мәселесі бойынша, оларға айналымдағы капиталдарын толықтыру мақсатында 3 жылға жеңілдетілген несеиелер беріледі. Бұл несиенің жылдық пайыздық үстемеақысы заңды тұлғалар үшін 0,1 пайызды, ал жеке кәсіпкерлер үшін - 0 пайызды  құрамақ. Займдардың бір кәсіпкерге берілетін ең үлкен мөлшері 5 млн. теңге болса, ал қосымша  қамтамасыз етумен - 10 млн. теңгеге дейін болмақ.  Негізгі борышты өтеудің жеңілдік мерзімі 6 айға дейін, ал несиенің мерзімі - 36 айға дейінгі аралықты қамтымақ. Аталған қолдауға жалпы сомасы 600 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.

Сонымен бірге Жаңаөзен қаласындағы 2012-2014 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту Арнайы жоспары бойынша жеке кәсіпкерліктің жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан субьектілерді қолдау бойынша келесі шаралар атқарылмақ:

Біріншіден, екінші деңгейлі банктер мен қаржылық ұйымдарға кәсіпкерлерді несиелеу үшін мерзімі 84 айға дейін, сыйақының пайыздық  мөлшерлемесі 10 пайыздан  аспайтын шарттастырылған қаржы орналастырылады. Несиенің бір заемшіге  берілетін ең үлкен мөлшері 750 млн. теңге болмақ.  Бағдарламаның бұл бөлімін жүзеге асыруға  2 млрд. теңге бөлінді.  

Екінші, банктер және/немесе өзге де қаржылық ұйымдардың сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау. Бұл субсидияны алу үшін несие мөлшері 3 млрд. теңгеден аспауы қажет, ал несие мерзімі - 10 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі - 14 пайызға дейін ғана болуы шарт. Субсидиялау мерзімі 36 айға дейінгі уақытты құрайды, бұл арада ұзартылу мүмкіндігі де қарастырылған. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2012 жылы 100 млн. теңге қарастырылған.

Үшінші, «Даму» қоры тарапынан несие көлемінің 50 пайызын кепілдендіру. Кепілдендіру көлемі 750 млн. теңгеден аспайтын, жылдық пайыздық сыйақысы - 14  пайызға дейінгі несиелерді қамтиды. Кепілдендіру мерзімі - 84 айды құрайды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға ағымдағы жылы 100 млн. теңге бағытталатын болады.  Осы бағдарламаларға мұнай-газ өндірісі, қару-жарақ жасайтын кәсіпорындар және акцизделетін өнімдер шығаратын өндіріс орындарынан басқа, барлық саладағы жұмысын жаңадан бастаған және қалыптасқан кәсіпкерлер қатыса алады. Бағдарламалар ағымдағы жылдың ақпан айынан жүзеге аса бастамақ.

Төртіншіден, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымдарды жеткізу бағдарламасы индустриалды жобаларды қолға алған кәсіпкерлерге арналған және бұл шара бойынша қажеті жол, жылу және су кәріздерін, телефон және электр желілерін жеткізіп беру қарастырылған. 

Бесінші, Жаңаөзен қаласындағы және жақын жатқан елді мекендердегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-мен бірлесе атқарылатын шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру. Аталмыш бағдарлама аясында жергілікті жеткізушілердің жобаларын жобаларын жүзеге асыру, баламалы бизнесті дамыту, және де технологияларды тарту, оқыту және кеңес беруге атсалысу көзделеді.

Алтыншыдан, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясындағы шағын несиелеу бағдарламасы қайыру, қамтамасыз ету, жеделдік және өтеу принциптерін негізінде жергілікті атқарушы органның бюджетінен жүзеге асырылатын болады. Бір заемшіге арналған 3 млн. теңге көлеміндегі шағын несие өз ісіңді ұйымдастыруға немесе кеңейтуге және айналымдағы капиталыңды толтыруға 5 жылға беріледі.  

Жетіншіден, кәсіпкерлік әлеуетті арттыру. Бұл бағыт бойынша Жаңаөзен қаласында іске жаңадан ден қойған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Даму» қорының Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылды. Ал ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында бұл орталықта бизнес-инкубатор кәсіпкерлер үшін есігін айқара ашпақ. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Бизнес-Кеңесші» қысқамерзімді курстары, мекемелердің топ-менеджерлерін «Назарбаев Университетінде» оқыту  ұйымдастырылмақ. Сонымен бірге, кәсіпкерлер «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысып, сервистік қызметке ие болады.

Жеті бөліктен тұратын Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкерлікті қолдаудың осы жүйесі ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі тарапынан жасалып отыр.

«Даму» қорының мәліметтері бойынша аталған қалада орын алған тәртіпсіздіктерден 50 кәсіпорын зардап шеккен. Олардың 36-сы Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру бойынша үкіметтік комиссияның жетекшісі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының  Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев,  Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Қ. Әйтекенов, Маңғыстау облысы әкімі Б. Мұхамеджанов, «Даму» қорының басқарма төрайымы Л.Ибрагимовалармен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлерге Арнайы жоспар аясында көмек алу тетіктері түсіндірілді және «Даму» қорының Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылды.      

Соңғы жаңалықтар