Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің тұрмыстық шаруашылық нысаны ашылды

АҚТАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ -  Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің тұрмыстық шаруашылық нысаны ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезінде тәулігіне 19 мың тоннаға дейін мұнай өндірген «Өзенмұнайгаз» мекемесі, қазір 16 мың тонна айналасында өнім шығаруда.

Ұйымдастыру шараларының кемшіліктері салдарынан мекеменің мұнай өндіру скважиналары қоры 600-ге, су айдау скважиналары қоры  300-ге азайған.

Жаңаөзен қаласына сапарында облыс басшысы Қырымбек Көшербаев қалада қалыптасқан қоғамдық, саяси ахуалға тоқталды.

"Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалының айналасында қалыптасқан жағдайды қолына алған жекелеген күштер әлеуметтік жағдайды әлсін-әлсін ушықтырып, адамдарды заң бұзуға, санкциясыз жиналыстар мен митингілерге қатысуға итермелеуде», деді Қ.Көшербаев.  Сондай-ақ облыс әкімі бұл бағытта нақты тапсырмалар берді.

Актив отырысынан соң, облыс басшылығы «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің тұрмыстық шаруашылық нысанын ашты.

Өзенмұнайгаз ӨФ-ы жұмысшыларының жағдайын жақсарту мақсатында №3 мұнай-газ басқармасында 250 орындық асхана ашылды.

Бұған қоса, өңір басшылығы модульдік-оперативтік кешенмен және медициналық пункт қызметімен танысты.

Соңғы жаңалықтар