Жаңаөзен қаласында зардап шеккен 36 кәсіпкер «Даму» қорының Кәсіпкерлікті қолдау орталығында жеңілдетілген несие алуға өтініш толтыра бастады

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында зардап шеккен 36 кәсіпкер «Даму» қорының Кәсіпкерлікті қолдау орталығында жеңілдетілген несие алуға өтініш толтыра бастады.
None
None

Бұл ақпаратты аталған қордың баспасөз қызметі таратты.

«2012 жылдың 10 қаңтарында Маңғыстау облысының  Жаңаөзен қаласында Кәсіпкерлікті дамыту орталығы алғашқы ашылған  күні, зардап шеккен 36 кәсіпкер  Жаңаөзен қаласының мәселелері бойынша Үкіметтік комиссияның жетекшісі, «Самұрық -Қазына» әл-ауқат қорының  Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев,  Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Қ. Әйтекенов, Маңғыстау облысының әкімі Б. Мұхамеджанов, «Даму» қорның басқарма төрайымы Л.Ибрагимовалармен кездесті.  Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зиян шеккен кәсіпкерлер  жеңілдікпен несиелеуге байланысты сауалнама- өтініштер берді. Бұл несиелеудің шарты бойынша, оларға айналымдағы капиталдарын толықтыру мақсатында 3 жылға жеңілдетілген несиелер беріледі. Бұл несиенің жылдық пайыздық үстемеақысы заңды тұлғалар үшін 0,1 пайызды, ал жеке кәсіпкерлер үшін - 0 пайызды  құрамақ. Займдардың бір кәсіпкерге берілетін ең үлкен мөлшері 5 млн. теңге болса, ал қосымша  кепілдігі бар болса - 10 млн. теңгені құрайды.  Бұл шара осы өңірдегі кәсіпкерлердің тез арада аяқтарына тұрып, шаруларын дөңгелетіп әкетуіне мүмкіндік тудырмақ. Орталық бұл өтінімдердің алғашқыларын қаңтардың 20-сынан бастап қаржыландыруды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

 «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» Жаңаөзен қаласында  2012-2014 жылдары кәсіпкерлікті дамытудың  Арнайы жоспарын жүзеге асыру мақсатында ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі тарапынан құрылды. Бұл орталыққа Жаңаөзен қаласының халқын  Арнайы жоспарда қарастырылған шаралар, оларды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру тұрғысынан ақпараттандырып отыру секілді маңызды міндет жүктелген.  Орталықта кез келген адам  кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы толыққанды ақпарат алып, соның ішінде «Даму» қорының мүмкіндіктері, екінші деңгейлі банктермен тиімді әрекеттестік турасында біліп, бизнес жүргізуде сервистік көмек ала алады.  Сонымен қатар, Орталық қызметкерлері кәсіпкерлерден мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бойынша өтінімдер жинап, кредиттік сараптама аясында кәсіпкерлердің төлем қабілетін алдын ала талдаумен де айналысатын болады. Қазіргі күннің өзінде Орталық толық режімде қызмет етуге дайын. Алдағы уақытта Жаңаөзен қаласындағы несиелері бар барлық кәсіпкерлердің несиесінің пайыздық үстемеақысының 10 пайыздан төмен мөлшерге қамтамасыз ету мақсатында шектеусіз қайта қаржыландыру жұмыстары қолға алынбақ. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан жаңадан алынған немесе бұрыннан келе жатқан займдардың 7 пайызын субсидиялау жұмыстары да жүргізіледі. Жаңа несеиелер алу барысында «Даму» Қорының кепіл болуы да қарастырылған. Аталмыш орталықта «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді оқытудың қысқамерзімді курстары, «Назарбаев Университетінде» жыл бойы кемінде кемінде 5 кәсіпорын жетекшісін оқыту және  «Іскерлік байланыстар» жобасының аясында 3 кәсіпкерді шетелде оқыту көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар