Жаңаөзен қаласының 2020 жылға дейінгі ұзақмерзімдік экономикалық даму бағдарламасының жобасы таныстырылды

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Жаңаөзен қаласының 2012-2020 жылдарға арналған ұзақмерзімдік экономикалық даму бағдарламасының жобасы таныстырылды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
None
None

Өңірді кешенді дамыту жобаларымен ықпалдастырудың арқасында Жаңаөзен қаласы транзиттік көлік-логистикалық орталыққа айналдырылмақ. Ол «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізіндегі стратегиялық реттегіш-нүкте болады және Қазақстанға және Ресейдің орталық аймақтарына ғана емес, Түркіменстан, Иран елдеріне, Парсы шығанағы және Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қызмет көрсететін болады.

Жаңаөзен қаласын көлік-логистикалық желісіне ықпалдастыру үшін ұзындығы 100 шақырымдық «Жаңаөзен-Құрық» тас жолын, 150 шақырымдық «Жаңаөзен-Сайөтес» теміржолын, кедендік ресімдеу орталығын қамтитын көлік-логистикалық орталығын салу жоспарланып отыр. Ұзақмерзімдік даму бағдарламасының аясында Жаңаөзенде сондай-ақ, «Каспий» арнайы экономикалық аумағы құрылады.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кеңес қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына «Жаңаөзен қаласын экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінгі ұзақмерзімдік бағдарламасын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу және оны ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарауына келісуге енгізу туралы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар