Жаңаөзен қаласының тұрғындары Үкімет атқарған жұмыстар туралы жеткіліксіз ақпараттандырылған - ҚР Бас прокуратурасы

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласының тұрғындары қаланы абаттандыру және дамыту, мұнайшыларды жұмысқа орналастыру, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту және қайта жөндеу бойынша Президенттің тапсырмалары аясында Үкіметтің атқарған жұмыстары туралы жеткіліксіз ақпараттандырылған.
None
None

Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокуратурасы Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті.

Кеше С.Нұрпейісов Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті, олардың сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін қабылдады.

«Адамдар Үкімет пен облыс әкімдігі жасап жатқан ауқымды жұмыстар туралы білмейді. Бұл - проблема», - деп есептейді қадағалау органының өкілі.

С.Нұрпейісовтың сөзіне қарағанда, сұрақтардың дені қарыз алушылардың проблемаларын шешуге қатысты болды. «1008 қарыз алушының 396-сында займдардың мерзімі өткен, оларды өсімпұлдар мен айыппұл санкциялары қызықтырды. Осы ретте, қазір қарыз алушылар алған несиелерді қайта құрылымдау жүріп жатқаны түсіндірілді. Бірқатар мәселелер оң шешімін тауып, кейбір банктер өсімпұлдар мен айыппұлдарды алып тастауға келісіп отыр. Қарыздарын одан әрі төлеу үшін адамдарға жұмысқа орналасуға уақыт беру мәселесі шешілуде», - деп нақтылады ол.

Мәселелердің келесі бөлігі қаланың жалпы тұрғындарын еңбекке орналастырумен байланысты. «Адамдар жұмысқа орналастыру тек мұнайшыларға ғана қатысты деп ойлады. Бірінші вице-премьер Серік Ахметов бүгін өткен кеңесте нақты тапсырмалар берді және бұл қаланың барлық тұрғындарына қатысты екендігін айтты. Адамдардың пайымы қате, сондықтан оларға «Өзенмұнайгаздың» кеңселеріне және жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшелерге бару қажет. Адамдар ақпараттандырылмаған, бұл туралы білмейді», - деп қосты С.Нұрпейісов.

Оның айтуынша, наурыз-мамыр айларында жұмысқа орналастырылған жаңаөзендіктердің соңғы тізімдері жасалатын болады.

Соңғы жаңалықтар