Жаңаөзенде 4 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше түскі сағат 13.50-де Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «Шаңырақ» ықшамауданында 4 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан өрт шыққан.
None
None

4 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 14-тен аса ауыздықталды. Оқиға орнынан иіс тиіп уланған 1981 жылы туған азамат О.Жаманбаев ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, өртті сөндіру жұмыстарына ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД жеке құрамының 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар