Жаңаөзенде 434 адам еңбекке орналастыруға өтініш берді

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен екі күнде еңбекке орналастыруға өтініш берген бұрынғы қызметкерлер саны 434 адамға артты, деп хабарлады рm.kz сайты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовке сілтеме жасап.
None
None

«Үкіметтік комиссияның басты міндеттерінің бірі босатылған адамдарды Жаңаөзенде және Ақтауда жұмысқа орналастыру. Ел Президенті осындай тапсырма берді. Бүгін, атап айтқанда Жаңаөзенде жаңа бұрғылау жұмыстары басқармасы құрылады Бұдан басқа компания басшылығы «Өзенмұнайгазда» жаңа өндірістік құрылымдық бөлімше құру мәселесін қарастыруда. Онда жұмыстан босатылған адамдар орналасатын болады», - деп сендірді Б.Нұрмбетов.

Ол бүгінде «Өзенмұнайгаздан» босаған қызметкерлер үкімет комиссиясы мен «ҚазмұнайГаз» ұлттық компаниясы ұсынып отырған шешімдер нақты және қабылдауға болатынын түсініп отыр деп атап өтті. 28-29 желтоқсан күндері ғана жаңа кәсіпорынға жұмысқа тұруға өтініш берген бұрынғы қызметкерлердің саны 12-ден 434-ке жетті.

Оның айтуынша, компания жаңа жұмыста бұрынғы еңбекақының орташа мөлшерін және әлеуметтік пакеттерді сақтауға кепілдік беріп отыр. Бүгіннің өзінде өтініш берген мұнайшыларға 50 мың теңге мөлшерінде жаңа жылдық аванс төлеу басталды.

«Ақтау қаласындағы «Қаражамбасмұнай» кәсіпорны мен оның екі мердгерлік ұйымы - «Арғымақ Транс Сервис» пен «Тұлпар Мұнай Сервисте» де осындай жағдай қалыптасып отыр. Оларда да жаңадан құрылатын кәсіпорынға 220 өтініш берілді. Тұтастай алғанда мұнайшылардың көңіл-күйі жақсы, жаңа кәсіпорындарда кейбір мәселелер бар екенін олар түсініп отыр, дегенмен біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, оның барысы бұл мәселенің шешімі табылғанын көрсетеді», - деп түйіндеді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар