Жаңаөзенде 493 млн. теңге сомаға азық-түліктің қосымша тұрақтандырушы қоры құрылады

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде 493 млн. теңге сомаға  азық-түліктің  қосымша тұрақтандырушы қоры құрылады, деп хабарлайды  http://pm.kz сайты «Каспий» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

 «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ақпараты бойынша, Маңғыстау облысының өңірлік тұрақтандырушы қорына жалпы сомасы 588 млн. 660 мың теңгенің 5 386 тонна азық-түлігі жинақталып отыр. Азық-түліктің көп бөлігі Ақтау қоймаларына жайғастырылған. Азық-түлік тауарының әр түрі бойынша жасақталған қорлардың көлемі Жаңаөзен халқының бірнеше айлық сұранысын қамтамасыз ете алады.

 «Қазақстандық компаниялармен жасалатын жаңа келісімшарттардың негізінде Жаңаөзен қаласы үшін жалпы сомасы 493 миллионды құрайтын қосымша тұрақтандырушы қор жасақталады. 10 аталым бойынша азық-түлік жеткізілімі жақын күндері басталады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 «Каспий» ӘКК-ның мәліметтері бойынша, қазіргі таңда тұрақтандырушы қордағы азық-түлік тауарлары Жаңаөзенде алты сауда нүктесі мен жеті жылжымалы сауда дүңгіршегі арқылы сатылуда.

 «Каспий-Берекет» ЖШС-нің автодүкендері азық-түліктің 12 түрі бойынша сауда жасауда. Барлық жеті сауда дүңгіршегі 4 қаңтарда қайта жұмысқа кірісті», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар