Жаңаөзенде қаланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жаңаөзенде қаланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
None
None

Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарына 115 адам жұмылдырылған. Жылу желілерін, сондай-ақ электр қуатымен жабдықтау жүйесін демонтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалды.

Сондай-ақ қаладағы полицияның төрт тірек пунктінде қалпына келтіру жұмыстары 80 пайызға атқарылған. Сонымен қатар, Теңге ауылының әкімдігін қалпына келтіру аяқталды, ал «Аруана» қонақ үйінде 130 адам демонтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының әкімшілік ғимаратында 60 адамның күшімен жанып кеткен материалдарды тазалау жұмысы атқарылуда, - деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар