Жаңаөзенде кезектен тыс Мәжіліс сайлауын өткізбеу қала азаматтарының конституциялық құқығын шектемейді - ОСК

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жаңаөзенде кезектен тыс Мәжіліс сайлауын өткізбеу осы қала азаматтарының конституциялық құқығын шектемейді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Біз басқа да амалдарды қарастырдық, алайда, барлық өтетін шаралар конституциялық сайлау туралы заңнамаға қайшы келіп отыр. Сондықтан, Конституциялық Кеңестің түсініктемесін негізге алып, Жаңаөзенде Мәжілістің сайлауын өткізбейтін болдық. Ал мәслихат сайлауын кейінірек өткіземіз», - деді ОСК төрағасы.

Бұдан бұрын хабарлағандай, бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылғы 15 қаңтарда Жаңаөзен қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

«Бұрын біз Жаңаөзен қаласында сайлаудың 15 қаңтарда өтетінін мәлімдегенбіз. Өйткені Президенттің Жарлығымен төтенше жағдай 2012 жылғы 5 қаңтарға дейін енгізілген болатын. Бұл бізге сайлауды белгіленген  мерзімде ұйымдастырып, өткізуге мүмкіндік беретін. Алайда, төтенше жаңғдайдың мерзімі ұзартылды. Осыған орай, біз Конституциялық Кеңеске төтенше жағдай кезінде сайлау заңнамасын қолданудың ерекшеліктері бойынша түсініктеме беру жөнінде хат жолдадық. Конституциялық Кеңес берген түсініктемелер негізінде ОСК Жаңаөзенде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізбеу және мәслихаттар депутаттарының сайлауын басқа уақытта өткізу туралы шешім қабылдады» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар