Жаңаөзенде су басқан 10 учаскеде апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда

Қызылсай кентінде екі отбасы мешіт ғимаратына көшіріліп, тамақпен қамтамасыз етілді. Кейінірек олар Жаңаөзен қаласындағы облыстық балалар үйіне жеткізілід. «Жұлдыз» шағынауданында орналасқан №21 мектептің жертөлесін жартылай су басуы салдарынан балалар қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқу тоқтатылды. Тұрғындар мен оқушылар арасында зардап шеккендер жоқ.
Шұғыл тобтың мүшелері су астында қалған үйлерді тексеру барысында үйлер бетон мен тас материалдарынан салынғандығын анықтады, сондықтан олардың қирау қаупі жоқ.
Апатты-құтқару жұмыстарын жүргізуді қажет ететін 15 учаске анықталды. Оларға Жаңаөзен қаласының 14 мекемесі мен кәсіпорындарының 96 техникасы, соның ішінде 30 сору техникасы, 37 автоцистерна, 13 инженерлік техника, 7 самосвал, 9 шұғыл техника жұмылдырылды. Сондай-ақ өзге аудандар мен облыстардың қалаларының техникалары тартылуда.
15 учаскедегі жұмыстарды қадағалауға Жаңаөзен қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары бекітілді.
5 учаскеде жұмыстар аяқталды, 10 учаскеде апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Төтенше жағдайлардың алдын алуға 96 техника мен жеке құрамның 143 маманы жұмылдырылды.