Жаңаөзенде жұмыспен қамту мәселелері бойынша арнайы комиссия құрылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде жұмыспен қамту мәселелері бойынша арнайы комиссия құрылды, онда мұнайшылардың жұмыстан заңсыз шығарылуларына байланысты арыз-шағымдары қаралуда, деп мәлім етті Pm.kz сайты үшін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.
None
None

«Үкіметтік комиссия басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша Жаңаөзенде арнайы комиссия құрылды, онда біз басқа мәселелермен қатар, мұнайшылардың жұмыстан заңсыз шығарылуларына қатысты арыздарын да қарап жатырмыз», - деді Б.Нұрымбетов.

Вице-министрдің айтуынша, жұмыс істей бастаған екі күннің ішінде комиссия 62 адамды қабылдады, оның 30-ы - жұмыстан шығарылған мұнайшылар, олар консультациялар алуда. Оның ішінде 13 адам жұмыстан заңсыз шығарылғандарын айтып отыр.

«Біз арыздарды егжей-тегжей қарап, өз тарапымыздан да тексеріп жатырмыз. Жалпы алғанда, азаматтардың көбі жұмысқа тұру мәселесімен келуде, сондықтан да біз бұл комиссияның жұмысын жергілікті жұмыспен қамту органымен бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Осылайша, жұмыспен қамту органы арқылы жұмысқа тұрғысы келетіндерге қаланы абаттандыру және қираған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуды ұсынып жатырмыз», - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Соңғы жаңалықтар