Жаңаөзенде жұмыстан шығарылған 1 мың 622 мұнайшы еңбекке орналасты
Бұл туралы бүгін Ақтауда Жаңаөзендегі жағдайды қалпына келтіру мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс барысында Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановтың айтқан сөзіне сілтеме жасап «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметінен хабарлады.
Аймақта жұмысқа орналасқан азаматтарға жалақы төлене бастады. Дегенмен, мұнда қажетті техниканың жоқтығынан мұнайшылардың барлығы жұмысқа шыққан жоқ. Осыған байланысты, «Самұрақ-Қазына» ҰӘҚ-ның басшысы, Жаңаөзендегі мәселелерді шешу жөніндегі үкіметтік комиссия төрағасы Өмірзақ Шөкеев, қаңтардың соңына дейін жұмысқа орналастырылған азаматтардың барлығы жұмысқа шығулары қажеттігін талап етті.
«Қажетті техниканы қайдан тапсаңыздар да, табуларыңыз қажет. Тым болмағанда мұнайшыларға қосымша жұмыстар беру керек. Оларға бекерден-бекер жалақы төленбеуі тиіс», - деді әкім «Өзенмұнайгаз» компаниясының басшылығына қарата айтқан сөзінде.