Жаңаөзендегі азық-түлік бағасы республикалық орташа бағадан арзан

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңаөзен тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралардың нәтижесінде қаладаға азық-түлік өнімдерінің бағасы республикалық орташа деңгейден едәуір арзан болып отыр,
None
None

деп хабарлады pm.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Жаңаөзенде азық-түлік тауарларының әр түрінен жасақталып отырған қор қала тұрғындарының орта есеппен 1,3-1,5 айлық сұранысын қамти алады. Атап айтқанда, ұнға деген сұраныс айына -130 тонна болса, қоймаларда - 1 270 тонна ұн, күрішке деген сұраныс - 83,4 тонна болса, қоймада -115,5 тонна күріш, 70,0 тонна өсімдік майының орнына - 144,7 тонна май, т.б. бар.

Айта кету керек, Тұрақтандыру қорынан бөлініп отырған азық-түліктер Жаңаөзенде «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік қорының 7 сауда нүктесі және 7 жылжымалы автодүкені арқылы сатылуда.

«Қабылданып отырған шаралардың арқасында Жаңаөзендегі азық-түлік бағасы республикалық орташа бағадан әлдеқайда арзан», -делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарламасында. Мысалы, картоп Атырауда 63 теңгеден сатылса, Жаңаөзендегі баға - 58 теңге. Күріштің бағасы Астанада - 194 теңге болса, Жаңаөзенде - 125 теңгеден сатылуда. Ал сарымайдың республикалық орташа бағасы - 692 теңге болса, Жаңаөзенде - 640 теңге.

«Осылайша, Жаңаөзен қаласы азық-түлік өнімдерімен жеткілікті көлемде қамтамасыз етіліп отыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігінен.

Соңғы жаңалықтар