Жаңаөзендегі «Жалын» кинотеатры қайта жанданды

АЛМАТЫ. 6 шілде. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесі қарсаңында «КИНО» кинотеатрлар желісі компаниясы Жаңаөзен қаласындағы «Жалын» кинотеатрын қайта іске қосты.
None
None

Оны қайта жаңғырту 48 млн. теңге көлеміндегі жеке қаржы есебінен жүргізілді.

«Бұл қаржының 32 миллионы мамыр айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан несиеге алынды. 362 орындық нысан қазір қаламыздағы бірден-бір кинотеатр болғалы отыр. Ол режиссер Төлеген Бейсеттің биылғы жылы жарық көрген «Бір кем дүние» фильмімен ашылады», - дейді жеке кәсіпкер Данияр Айса.

Кино саласында 2003 жылдан бері жұмыс жасап жүрген оның айтуынша, жалпы Жаңаөзен қаласында кинокөрермендерде таңдау болу үшін кемінде 3 театр керек. Болашақта өз бизнесінің аясын өзге қалаларда да кеңейтуді жоспарлап отырған кәсіпкердің сөзіне қарағанда, ол кино жасаушылармен тікелей жұмыс жасамақ. Сөйтіп, жаңаөзендіктер жаңа туындыларды өзге елдердің кино көрермендерімен бір мезгілде тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Соңғы жаңалықтар