Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу кезінде ішкі істер органдарының 17 қызметкері жараланды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу кезінде ішкі істер органдарының 17 қызметкері жараланды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу кезінде ішкі істер органдарының 17 қызметкері жараланды, оның ішінде біреуі ауыр халде облыстық емдеу мекемесіне жеткізілген болатын. Жалпы 16-18 желтоқсан аралығында медициналық көмекке әртүрлі дене жарақатын алған полицияның 35 қызметкері жүгінген», - делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар