Жаңаөзендіктер коммуналдық қызметтер төлемақысын электронды терминалдар арқылы төлей алады

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа 2012 жылдан бастап Жаңаөзен қаласының тұрғындары коммуналдық қызметтер төлемақысын электронды терминалдар арқылы төлей алады,
None
None

деп хабарлайды pm.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қызметтің мұндай түрі төлем операцияларын 24 сағат бойы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Электронды терминалдар шағын азық-түлік дүкендерінде де орналастырылған», - дейді Жаңаөзен есептік-кассалық орталығының операторы Райхан Салауатова.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңадан енгізілген қызмет түрі төлем кассаларындағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді.

«Енді кез келген адам уақытын үнемдей отырып, коммуналдық қызметақысын төлей алады. Есептік-кассалық орталыққа барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Төлем механизмі терминал арқылы төленетін басқа да төлемақылар сияқты, өте қарапайым. Айта кетейік, терминал арқылы су, газ, қоқыс шығару қызметтері үшін ақша төлеуге болады», - дейді Жаңаөзен есептік-кассалық орталығының бас есепшісі Махмұт Егізбаев.

Соңғы жаңалықтар