Жаңаөзенге ЕҚЫҰ өз байқаушыларын жібереді - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Жоао Соареш

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат  /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов еліміздегі кезектен тыс Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Жоао Соарешпен кездесті.
None
None

Жүздесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген миссия басшысының атап өтуінше, сұхбаттасу барысында Жаңаөзен қаласына байқаушылар жіберу мәселесі көтеріліп, оң шешімін тапқан. Әрі ЕҚЫҰ миссиясы өз байқаушыларын жібермек. «Ең маңыздысы, сайлау Жаңаөзен қаласын қоса алғанда Қазақстанның әрбір өңірінде өтеді»,-деді ол.

Оның пайымынша, елімізде өтетін кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлау барысында Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде мәлім еткеніндей, адам құқы мен бостандығы, демократия құндылықтары сақталатын болады.

Соңғы жаңалықтар