15:15, 16 Сәуір 2011 | GMT +5
Жанар Айтжанова Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі лауазымына тағайындалды - К.Мәсімов
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Жанар Айтжанова Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Twitter-дегі өзі парақшасына жазды.
«Елбасында болдым. Президент Жанар Айтжанованы экономикалық интеграция істері министрі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдады», - деді Премьер-Министр өз жазбасында.