19:27, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Жанар-жағар майдың бағасын жасанды жолмен өсірген бірқатар компанияларға әкімшілік іс қозғалды - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Жанар-жағар май өнімдеріне бағаны көтеруге келісіп алған бірқатар компанияға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі.

Хабарламада атап көрсетілгендей, бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде басқарма отырысы болып өтті.
«Онда жанар-жағар майға бағалар белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау шешімімен «Батыс РИК-Ойл» ЖШС, «Орал ЖанОйл» ЖШС, «Октан» ЖШС, «Н-Гептан» ЖШС, «Байтеміров» ЖК, «Web Terminal» ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу қорытындылары қаралды», - деп таратады агенттік.