Жанар-жағармайға жалған талон сатқаны үшін сотталды

ОРАЛ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті С.Тәжиевке қатысты қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, С.Тәжиев 2008-2009 жылдары жеке тұлғаларға «Химтраст» және «Гелиос» ЖШС-нің АИ-92 маркалы бензині мен дизель отынына жалған талондар сатып, бұларға 60 мың теңге көлемінде залал келтірген.

Орал қалалық соты аталған азаматты ҚР ҚК 177-бабы 2-бөлімі «б» тармағы бойынша (алаяқтық) кінәлі деп тауып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Соңғы жаңалықтар