Жанармайға деген зәруліктен биылғы жылдың қазан айының орты тұсына таман құтылатын боламыз - С.Мыңбаев

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Жанармайға деген зәруліктен биылғы жылдың қазан айының орты тұсына таман құтылатын боламыз», - деді бүгін Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев
None
None

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, жанармайға қатысты елде қалыптасқан жағдайдың оңалуына әсер ететін бірнеше фактор бар. «Біріншіден, жанармайға қатысты жағдайды реттеу мақсатында мемлекет тарапынан қолға алынған шаралар өз нәтижесін бере бастамақ. «Екіншіден, оның үстіне бұл маусымдық проблема. Үшіншіден, Ресей Федерациясында қыркүйек айының басында АИ-92 маркілі бензинін өндіруді шектеу туралы шешімінің күші жойылды немесе бұл бастама Ресейдегі жанар май бағасына қатысты жағдайдың мүшкіл болуына байланысты 2012 жылдың соңына дейін тоқтатылды»,- деді министр.

Соңғы жаңалықтар