«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасы Сенаттың сынынан өткен жоқ

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасы Мәжіліске қайтарылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш құжатты бүгін Сенат депутаттары жалпы отырыста қараған болатын. Онда осы заң жобасына байланысты баяндама жасаған Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, құжаттың мақсаты энергетика саласындағы шаралардың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр немесе жылу энергиясын өндіруге қолайлы жағдай жасау болып табылады. Екіншіден, ол электр немесе жылу энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үлес салмағын арттыруға бағытталған. «2008 жылдың қорытындылары бойынша жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 296 миллион киловат сағатты құрап, жалпы электр энергиясын өндіру көлеміне шаққанда 0,4 пайыздан кем болды. Ал 2024 жылға қарай біз бұл көрсеткішті 10 миллиард киловат сағатқа дейін, немесе елімізде өндірілетін электр энергиясының 5 пайызына дейінгі мөлшерге жеткізуді жоспарлап отырмыз», деді министр. Оның сөзінше, құжаттың тағы бір пайдалы жағы - парниктік газдың көлемін азайту жөніндегі халықаралық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. «Бұл жаңартылатын энергия көздерін қолданудың нормативтік-құқықтық негізін қалыптастыру жөніндегі алғашқы құжат және ол жаңартылатын энергия көздерінің нарығын құруға қажетті отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешеді», деді С.Мыңбаев.Заң жобасын депутаттар жан-жақты талқылай келе, оның атауын мазмұнына сәйкестендіру үшін кіріспеден «мемлекеттік» деген сөзді алып тастап, құжаттың бірқатар нормаларына мемлекеттік тілде біршама өзгерістер енгізу қажет деген шешімге келді. Осыған орай заң жобасы қайтадан Мәжілістің қарауына ұсынылды.
Соңғы жаңалықтар