16:12, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Жәнібек Кәрібжанов Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы Қазіргі төрағалығының Қырғызстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды
СТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Жәнібек Кәрібжанов Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы Қазіргі төрағалығының Қырғызстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды.
Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бейсенбі, сәуірдің 8-і күні болған телефон арқылы әңгімесінің барысында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды хабардар еті.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ж.Кәрібжанов ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, қазақстан-қырғыз парламентаралық тобының жетекшісі болып табылады, сондай-ақ Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі рангіне ие. Ж.Кәрібжанов Қырғызстанға жақын арада барады деп күтілуде.