Жансейіт Түймебаев өңір ардагерлерімен жүздесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің еңбек және соғыс ардагерлерімен, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Кездесу барысында облыс басшысы аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылығын білдіріп, үлкенді сыйлау, ардагерлерге қамқорлық көрсету кейінгі ұрпақтың міндеті және парызы екенін атап өтті.

Бейресми басқосуда облыстың әлеуметтік мәселелері талқыланып, оның шешу жолдары бойынша аймақ басшысы өмірден түйгені мол ел ағаларының  пікірін тыңдады.

Әзірге, Оңтүстік Қазақстан облысының тыныс-тіршілігімен танысып жатқанын айтқан облыс әкімі алдағы уақытта бірлесе атқаратын міндеттердің көп екенін жеткізді.

Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жұмыстарда әрбір саланың еңбек ардагерлерімен жеке кездесіп, кеңескісі келетініне ниет білдірді.

Кездесу соңында зиялы қауым өкілдері мен қазыналы қариялар әкімнің өңірді басқарудағы жұмысына сәттілік тілеп, баталарын берді.

Жалпы облыста бүгінгі күнде 220 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың 300-і Ұлы Отан  соғысының ардагері болса, 21 мыңы тыл еңбеккерлері.

Соңғы жаңалықтар