Жапон делегациясы Өскеменмен танысуда

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде сапармен жүрген Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Нацуи Сигео бастаған жапон делегациясына Шығыс Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылуда.
None
None

Шығыс Қазақстан әкімінің орынбасары Григорий Пинчук, осыдан 19 жыл бұрын Жапонияның алғашқылардың қатарында Қазақстанның тәуелсіздігін танығанын қазақстандықтардың ризашылықпен еске алатынын атап көрсетті. «Сіздерді Шығыс Қазақстан жерінде көргенімізге қуаныштымыз және сіздерге аймағымыздың барлық инвестициялық мүмкіндігін таныстырғымыз келеді», -деп атап көрсетті әкімнің орынбасары сәрсенбі күні шетелдік делегациямен болған кездесуде.

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Шәкәрім Бүктүгітов жапондық делегацияға қосымша инвестициялық қаржы қажет болып отырған 33 инвестициялық өңірлік жобаның мүмкіндіктерін таныстырып өтті.

Бұдан бұрын хабарлағандай, жапон делегациясы үшкүндік сапарының барысында кен-металлургия және машина жасау кәсіпорындарының жұмыстарымен танысады және Өскеменнің мәдени-этнографиялық ескерткіштерін аралайды.

Соңғы жаңалықтар