Жапондық бизнесмендердің Қазақстанға деген қызығушылығы артуда - Масаеси Камохара

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық бизнесмендер Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруда, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстандағы Жапония елшісі Масаеси Камохара.
None
None

«23 желтоқсанда біз император Акихитоның туған күнін атап өтеміз. Осы айда қазақстандықтар да Тұңғыш Президент күнін атап өткеніне қуаныштымын. Қазақстан үшін Тұңғыш Президент күнінің мәні ерекше. Тәуелсіздік алғаннан бері елді бір президент басқарып келеді. Мемлекет басшысы халқымен бірігіп табиғи ресурстарға бай жерде орналасқан елін дамытты. Алайда ресурсқа тіректің тәуекелі бар, қазір мұнайға баға төмендеді, меніңше, Қазақстан экономикасын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдау дұрыс болады», - деп атап өтті ол.

«Биыл біздің көшбасшыларымыз арасында ең жоғарғы деңгейде кездесу өтті. Осы сапар да біздің қатынастардың, әсіресе экономикадағы қатынастардың жылдам дамуына оң серпін береді деген үміттемін», - деді Камохара.

«Бүгінде жапондық бизнесмендердің Қазақстанға мүдделілігі артып отыр», - деп қосты елші.

Соңғы жаңалықтар