11:27, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Жапондық дзюдо бапкері батысқазақстандық жасөспірімдерді жаттықтыруда
ОРАЛ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жапондық бапкер Миура Мамору батысқазақстандық жасөспірімдерді классикалық бағыттағы дзюдо күресіне жаттықтыруда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірдің өзінде 25 жеткіншек жаттығуда. Философиялық бағытта жалпы білім беретін орта мектеп директоры Айжан Есентаеваның айтуынша, Миура Мамору өткен жылдан бері балаларға дәріс беріп келеді. Осы күрестің қыр-сыры туралы жапондық бапкердің ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті Мүсілім Оңдағановпен кездесуінде айтылды.
Қазақстандық әріптестерімен қоян-қолтық жұмыстануға бекініп отырған жапондық жаттықтырушы өз шәкірттерінің болашақта жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімді.