Жапония Қазақстанмен білім мен ғылым саласында өзара іс-қимылды тереңдетуге күш-жігер жұмсауға әзір

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Токиода ҚР-нің Жапониядағы елшісі Ақылбек Камалдинов жақында тағайындалған Жапония білім, мәдениет, спорт, ғылым мен технологиялар министрі Масахару Накагавамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Елші жапон тарабын Қазақстандағы білім және ғылым саласының қазіргі жай-күйімен таныстырды. Ол бүгінгі таңда Қазақстан үшін өзекті міндеттердің бірі халықаралық білім кеңістігіне ықпалдасу екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ қазақстандық дипломат ойдағыдай жұмыс істеп жатқан президенттік «Болашақ» білім бағдарламасы және жаңа жоғары оқу орны - Назарбаев Университеті туралы айтып берді.

М.Накагава Қазақстан мен Жапония арасында білім және ғылым саласында қатынастарды нығайтудың маңызын атап өтті және бұл бағытта екі ел арасында өзара іс-қимылды тереңдетуге күш-жігер жұмсауға әзір екенін білдірді.

Кездесу қорытындысымен тараптар екі ел арасында бірлескен зерттеулер жүргізу және әртүрлі салаларда инновациялық технологиялар жасауда және оны Қазақстанға енгізуде екі ел арасында өзара іс-қимылды күшейте түсуге уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар