Қытайда 6,3 мың жыл бұрын жасалған тас балта табылды
АСТАНА. KAZINFORM – Археологтар Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында тас балта табылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, ол Чанчжоу қаласындағы бейіттердің бірінің қазылған жерінен табылған. Бұл артефакт Қытайда табылған барлық салтанатты тас балтаның ең үлкені және ең жақсы сақталғаны болып отыр. Мұндай көне балталар Қытайда «юэ» деп аталады. Бастапқыда олар қару ретінде, ал қола дәуірінде әртүрлі салт жорағыларда қолданыла бастады.
Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясы археология институтының ғылыми қызметкері Ли Можаньнің айтуынша, табылған олжа 6 мың жыл бұрын мұндай балталар қару емес, күш пен мәртебенің символы болғанын білдіреді.
Қабірден сондай-ақ тас пышақ, кішірек балта және 20-дан астам үй шошқаларының төменгі жақ сүйегі табылды. Ли Можаньнің пайымдауынша, тас балтаның билік нышаны ретінде қолданылуы да халықтың жіктелу процесінің басталғанын танытады.