12:30, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Жапонияда дағдарыстың салдарынан өздеріне қол жұмсағандар көбейіп отыр
ТОКИО. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Жапонияда экономикалық дағдарыстың салдарынан өздеріне қол жұмсағандардың саны көбейіп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Сәуір айында өзіне қол жұмсаған адамдардың саны жылдық көрсеткіш бойынша 6 пайызға өскен. Адамдардың өз-өздеріне қол жұмсауымен күресетін жапондық Life Link ұйымы, қалыптасқан ахуалды экономикалық дағдарыс кесірімен, атап айтқанда, банкротқа ұшырау немесе жұмыстан айрылу сияқты себептермен түсіндіруде.