Жапониядағы қуатты зілзалалар Қазақстанның ұзақ мерзімді келісімдеріне өз әсерін тигізуі мүмкін - Анар Рахымжанова

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Анар Рахымжанованың айтуынша,
None
None

Жапониядағы зілзаланың салдары әлемдік экономиканың дамуына айтарлықтай әсер етеді. Ол Қазақстанның импорты мен экспортына ықпал жасай алмайды. Оны өзге елдермен алмастыруға болады. Дегенмен зілзала Қазақстан мен Жапонияның арасындағы ұзақ мерзімдік келісімдерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы алдағы бірнеше жылда қандай болары белгісіз.

«Кейбір сарапшылар айтып жүргендей, қуатты жер сілкінісі Жапония экономикасының серпінді дамуына түрткі болуы мүмкін деген пікірлерімен өз басым келіспеймін. Жапониядағы перманенттік дағдарыс оған айтарлықтай мүмкіндік бермейді. Бұл олардың экономикалық ерекшеліктеріне байланысты орын алды. Өйткені ондағы нақтылы өндіріс экспортқа бағытталған. Шикізат қоры өте төмен болғандықтан экономикалық негізі тұрақсыз», - дейді экономика ғылымдарының кандидаты Анар Жақыпбекқызы. Оның пайымдауынша, алдағы жылдары Жапония экономикасында құлдырау болуы мүмкін. Өйткені, олардың энергетикалық өндірісінің сиымдылығы өте жоғары. Егер онда энергетикалық өндіріс азайса, ол келесі технологиялық операциялар мен өндіріске кері әсерін тизетін болады.

«Егер еуропалық кәсіпорындар басқа елдерде өз кәсіпорындарын ашпайтын болса, әлемдік экономиканың дамуы тежелуі мүмкін. Олар Латын Америкасы, Оңтүстік Азия және Бразилия мен АҚШ-тағы өндірісінің логистикасын басқа елдерге өзгертуі керек. Егер Жапонияның бәсекелестері өндіріс көлемін өсіретін болса, алдағы 5 жылда әлемдік нарықтағы өз үлестерін арттыруға мүмкіндігі мол», - дейді А. Рахымжанова.

Соңғы жаңалықтар