Жапониялық дзюдо шебері Қарағандыға келді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда дзюдо күресінің төрешілері үшін үш күндік халықаралық семинар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Аталмыш шараға жапониялық дзюдошы, Мюнхенде өткен (1972 жыл) Олимпиада ойындарының чемпионы Кавагучи Такао қатысады.

«11-13 қазан аралығында С.Сәпиев атындағы бокс орталығында «Continental» и «International» дәрежесі бойынша төрешілердің емтихан семинары өтіп жатыр. Аталмыш шараға халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен шетелдік мамандар қатысуда. Семинарды Олимпиада чемпионы Кавагучи Такао, Халықаралық дзюдо федерациясының төрешілер алқасының директоры Моамер аль Моамер, Халықаралық дзюдо федерациясының төрешілер алқасының мүшелері Мун Вон Бэй мен Нагманжон Мирзахманов жүргізуде»,-делінген хабарламада.

Онда сондай-ақ Қазақстанның осындай шара өткізілген алғашқы орны болып отырғандығы айтылған. «Бұл тек дзюдо спорты жанданып келе жатқан Қарағанды облысы үшін ғана емес, бүкіл Азия өңірі үшін маңызды оқиға»,-деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Шараны Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Күш-қуат спорт түрлері мен жекпе-жек конфедерациясы және Қазақстанның дзюдо федерациясы ұйымдастырып отыр.
Семинарға елімізбен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Иранның халықаралық дәрежедегі төрешілері қатысуда. Олар 14-16 қазан аралығында Қарағандыда жасөспірімдер арасында дзюдодан өтетін халықаралық турнирге төрешілік жасайды.

Жарыс Азиялық дзюдо федерациясының бастамасымен 1996-1997 жылдары туған бозбалалар мен бойжеткендер арасында өтеді. Оған Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның өңірлерінен спортшылар қатысады.

Соңғы жаңалықтар