Жапонияның Қазақстандағы елшісі ҚазҰУ ректорымен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу барысында екі жақты әріптестік мәселелері сөз болды. Ректор жақында 75 жылдығын атап өткен оқу орнының жай-күйімен таныстырып, Жапонияның оқу орындарымен қарым-қатынасы туралы баяндады. 2008-2009 жылғы оқу жылында ҚазҰУ-дің 11 студенті мен 2 қызметкері халықаралық конференцияларға қатысуға, білім көтеруге, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге жіберілген. Ал шығыстану факультетінің Жапонтану кафедрасында жапониялық ұстаздардың дәріс оқуы дәстүрге айналған.
Б. Жұмағұлов өз сөзінде екі ел қарым-қатынасының оң бағытта дами беретініне, білім саласында әріптестіктің бұдан да жоғары деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Ол, сондай-ақ Жапон елшісіне университеттің 75 жылдығына арналған мерекелік медаль мен естелік сыйлықтар тапсырды.
Жапониялық мейман өз кезегінде Қазақстанның қазір жаңа бағытқа бет бұрғанын, бұрынғы табиғи ресурстарды адами ресурстар арқылы дамытуға бағыттағанын атап өтті.
"Жапония адами ресурстар арқылы дамыған мемлекет ретінде Қазақстанмен байланысын нығайтып, өз тәжірибесімен бөлісуге дайын", деген Сигэо Нацуи білім, ғылым саласындағы әріптестіктің дамитынына сенім білдірді.