«Жарып жіберетін орын»: Алматы полициясы желідегі жазбасы үшін ер адамды ұстады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2GIS картасында діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жарияланымға ер адам жарылыс туралы пікір қалдырған.

“Жарып жіберетін орын”: Алматы полициясы желідегі жазбасы үшін ер адамды ұстады
Фото: Алматы полициясы

— Жарып жіберетін орын, — делінген жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша жедел шара қолданғанын хабарлады. Іздестіру жұмыстары кезінде пікір авторының жеке басы анықталған, ол — 21 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.

— Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Интернетке жазылған болса да, кез келген қорқыту полиция тарапынан қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер ретінде қаралады. Мұндай «әзілдердің» салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір хабарлама мұқият тексеріліп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады, — деді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында «багажымда бомба бар» деген шетелдік жолаушы ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар