12:42, 14 Тамыз 2010 | GMT +5
Жаркент жолы жақсарды
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылы жергілікті қаржы қорынан Панфилов ауданы орталығындағы 10 көше жолын ағымдағы жөндеуден өткізуге 30688 мың теңге бөлініп, бұл іс қазір тиянақталды,

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Жаркент қаласындағы Головацкий, Назым, Жансүгіров көшелерін орташа жөндеуден өткізуге республикалық қаржы қорынан 76 миллион, облыстық бюджеттен 38 миллион теңге берілді. Қазір Головацкий, Жансүгіров көшелеріндегі жөндеу жұмыстары тиянақты тәмамдалып, Назым көшесіндегі іс жалғасуда. Жаркент қаласындағы осы жұмыстарға «Жол картасы» бойынша 87 жергілікті тұрғын тартылды.
Жол жөндеуді қолға алған Есік қаласындағы «ДСУ-13» АҚ мердігерлері.