Жарты жылда медицина сапасына 4,6 мыңнан астам шағым түскен

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде биыл 6 айдың ішінде медициналық қызметтің сапасыздығына қатысты 4649 шағым жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
None

«Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау заңбұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Мемлекеттік бақылау медициналық қызметтердің сапасына сараптама арқылы жасалады. 2023 жылдың 1 жартысында комитет және оның аумақтық департаменттері 4649 өтініш-шағымды қарап, 1138 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Медициналық қызметтер сапасы бойынша жоспардан тыс тексеру Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 5-тармағымен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша дәлелді негіздер арқылы жүзеге асады», - делінген ақпаратта.

Министрліктің хабарлауынша, азаматтардың арыз-шағымы қаралғаннан кейін 10 күннің ішінде тиісті шара қабылдануы тиіс.

«Медицина немесе фармацевтика қызметкерiнiң кәсiптік мiндеттерiне салғырт қарауы немесе оларды орындамауы, қасақана немесе абайсызда адамның денсаулығына зиян келтірген жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - дейді ведомстводан.

Бұған дейін шет мемлекеттерге барып келген отандастарымыздың көбінде қандай ауру, инфекция немесе вирус жұқтырып келетінін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар