Жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар берген 26 жастағы ақтөбелік азамат ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар берген 26 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

23 мамырда ер адам облыстық ТЖД номеріне қоңырау шалып, Қонаев көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің үш подъезінде жарылғыш зат бар деп хабар берген.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері тартылды, саперлер ғимаратты тексеріп, жарылғыш затты таппады. 100 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазір күдікті Ақтөбе қ. уақытша ұстау оқшаулағышында қамауда.

Аталған ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай реестріне тіркелді.

Аталған баптың санкциясында 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген залалды «жалған терроршы» өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар