Жас кадр мәселесі баспана есебінен шешілуде

ДЫҚОРҒАН. Қазанның 30-ы.  ҚазАқпарат /Сандуғаш  Дүйсенова/ -    Алматы  облысының  Ақсу  ауданындағы  Жансүгіров атындағы ауылда    Қазақтың С.Асфендияров атындағы   ұлттық медициналық  институтының  төрт түлегі мен     үш   жас педагогқа     жаңа үйлердің  кілттері  табыс етілді.
None
None

Ақсу ауданының әкімі Әскербек Дүйсембаевтың айтуынша,    окулист,  хирург   және  екі анестезиолог    коммуналдық үйге  қоныс  тепті, ал  мұғалімдер  жалға берілетін   үйде  тұратын   болады.

Қоныс  той  иелері    аудан  әкіміне алғыстарын білдіріп,     өз  кәсіптерінің лайықты   мамандары  болуға уәде берді.

Жас  мамандарға арнап баспана салынып жатқан   шағын  аудан Есенқұл  Маманияның атында.      Ол  - өткен  ғасырдың  басында  өз ақшасына Санкт-Петерборға  он қазақты  оқуға жіберген   көпес.   Бұл ауданда барлығы 58 үй салынады.     Былтырдан бері Жансүгіров  ауылында  алты  жас отбасы     баспана алды.

Соңғы жаңалықтар