Жас қазақстандықтар Петерборда орыс дойбысынан өткізілетін әлем чемпионатында медальдар үшін бақтарын сынап көреді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазақстанның жас спортшыларының командасы бүгін Санкт-Петорборда ашылған орыс дойбысынан жастардың әлем чемпионатында жеңіс үшін бәсекеге түсіп көрмек. Жалпы бұл турнирге 20 елден 210 жас спортшы қатыспақ.
None
None

Олардың арасында Ресей, Украина, Қытай, Польша және Беларусьтің мықты құрама командалары да бар. Жарыстар 19, 16, 13, 10 жастық топтарда балалар мен қыздар арасында жеке-жеке өткізіледі. Чемпионатты РФ Спорт, туризм және жастар саясаты министрлігі мен қаланың дене шынықтыру және спорт комитетінің қолдауымен Дүниежүзілік дойбы федерациясы (FMJD) мен Санкт-Петербордың дойбы федерациясы ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар