Жас қызметкерлердің слеті өтті - Көліктегі ІІД
Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгінгі Слет - біздің департаментте білікті мамандарды қалыптастыруға аса мән берілетіндігінің айғағы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен, жылдан-жылға құқық қорғау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Бұл ретте, Сіздер анттарыңызға адал болып, күнделікті қызметтік борыштарыңызды аса үлкен жауапкершілікпен атқаруларыңыз қажет»,- деді слеттің ашылу салтанатында Көліктегі ІІД бастығы, полиция полковнигі Берік Бисенқұлов.
Жиын шеңберінде департамент аппараты қызметтерінің бастықтары Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі ішкі істер органдары жұмысының негізгі бағыттары, ІІО жас қызметкерлерін жауынгерлік және қызметтік дәстүрде тәрбиелеу туралы тақырыптарда баяндама жасады.
Слетте ең үздік жас полицейлерге және олардың тәлімгерлеріне, жас қызметкерлердің ата-аналарына, ішкі істер органдарының ардагерлеріне Ішкі істер министрінің, Көліктегі ІІД басшысының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Айта кетейік, Көліктегі ІІД-де жас қызметкерлердің слетін өткізу дәстүрге айналған. Онда жас мамандар аға ұрпақтан қызметтерін атқаруға қажетті ақпараттар алып, тәжірибе жинақтайды.